Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынына қойылған күйдіргі жөніндегі диагноз дәлелденді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынына қойылған күйдіргі жөніндегі диагноз дәлелденді

Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғынына қойылған күйдіргі жөніндегі диагноз дәлелденді

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысындағы күйдіргімен ауырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 6 адамның үшеуіне қойылған диагноз дәлелденді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық-індет станциясының бас дәрігері Жұмағұл Медетов бүгін, 16-шілдеде хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Ауырған адамдардың бәрі де 4-шілде күні сойылған ауру жылқының етінен дәм татқан. Жылқының еті өндірістік кооператив мүшелеріне таратып беріліпті. Қазіргі жағдаймен еттен ауыз тиген, немесе оны ұстаған 170 адам айқындалып, жұқпалы ауруларға қарсы санитарлық шаралар жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Абай ауылдық округінде карантин жарияланды.

Құжаттарға сәйкес, табындағы барлық жылқыларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынған , барлығы да сау деп көрсетіліпті. Облыстық тазалық-індет станциясының қызметкерлері бұл құжаттарды аудандық прокуратураға тапсырып, онда адамдарды жаппай жұқпалы ауруға шалдықтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар