Оңтүстік Қазақстан облысының жастары жерлестерін мәдени мұраларды сақтауға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының жастары жерлестерін мәдени мұраларды сақтауға шақырады

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары жерлестерін мәдени мұраларды сақтауға шақырады

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары жерлестерін мәдени мұраларын сақтауға шақырады.

  • 6 Желтоқсан 2010
  • 595
Фото - Caravan.kz

Шымкентте «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи және мәдени мұраларды жастар арасында насихаттау» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысының қорытындылары бойынша жастар белсенділері аймақтағы халыққа арнап үндеу қабылдады.

«2004 жылы ҚР Презденті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша ата-баба мұраларын зерттеу басталды, Қазақстанның тарихында ерекше орны бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта құрастыру жұмыстары атқарылып, туған тілімізде ұлттық әдебиет үлгілері жарыққа шықты», — делінген үндеуде.

Сондай-ақ үндеу мазмұнында ОҚО жастары «Мәдение мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқаны айтылған. Конференцияға қатысушылар отандастарын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбевтың ұлтаралық келісім мен діни толерантылықты нығайту, мәдени және тарихи мұрағаттарды насихаттау мен оларды сақтау жөніндегі саясатын қолдауға шақырды.

Перейти к новостям спорта