Оңтүстік Қазақстан: қалааралық автобустар қауіпті жағдайда, жүргізушілері құжатсыз жүргені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан: қалааралық автобустар қауіпті жағдайда,  жүргізушілері құжатсыз жүргені анықталды

Оңтүстік Қазақстан: қалааралық автобустар қауіпті жағдайда, жүргізушілері құжатсыз жүргені анықталды

Қарағанды облысында орын алған ірі жол апатынан соң жол полициясы еліміздің барлық аумақтарында жолаушы таситын көліктерді жаппай тексере бастады. Оңтүстік Қазақстан облысында басталған «Қауіпсіз жол» шарасы барысында қалааралық автобустардың қауіпті жағдайда, ал жүргізушілері құжатсыз көлік жүргізе беретіні анықталды.

  • 20 Қазан 2010
  • 405
Фото - Caravan.kz

Шараның алғашқы күні халықаралық бағытқа қатынайтын 90 шақты автобус тексерілді. Қорытындысы көңіл көншітпейді. Халықаралық бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктердің кейбір жүргізушілерінде тіпті жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты. Осыған орай жол полициясы тарапынан 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Бір автобус айып тұрағына қамалды. Ал көліктердің техникалық жағдайы сын көтермейді. Сондай-ақ автобусқа шектен тыс жүк артылған. «Бұл — жолаушылардың өміріне төніп тұрған қауіп», — дейді тәртіп сақшылары.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Мысалы, жолаушыларды тасымалдайтын автобустар жүкпен толтырылған. Жартылай жүктердің үстіне адамдарды да отырғызған. Бұл — өте қауіпті. Жүргізушілер қарсы бағытқа жиі шығып кетеді. Асығады, ал жолаушылардың өмірін ойламайды.

Перейти к новостям спорта