Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Ал Шығыс Қазақстанның таулы өңірлерінде өздігінен қар көшкінінің болуы күтіліп отырған жоқ. Бірақ қар көшкінінің жүруін болдырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Таяудағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір өзендерде судың көбеюуі ықтимал. Алматы облысының таулы аудандарында топырақта ылғалдың аса мол болуына байланысты лай көшіп, тастар құлауы мүмкін.