Оңтүстік Қазақстанда ауыл әкімі Т200 мың пара үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда ауыл әкімі Т200 мың пара үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда ауыл әкімі Т200 мың пара үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам ауданының Қарамұрт аулының әкімі Т200 пара алу кезінде облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департамент мамандарының қолына түсті, деп ОҚО прокуратурасының бастық орынбасары Бақыт Ергешов мәлім етті.

  • 14 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Әкімге ауылдағы мәдениет үйін жөндеуден өткізген «Монолит – 21» ЖШС директоры беріпті», — деді Б. Ергешов бейсенбі күні.

«Тергеу барысында белгілі болғандай, әкім мердігерге атқарылған жұмыс үшін тиесілі жалақыны тек қана сыйақы алған соң ғана төлеуді уәде еткен», — деді ол.

Прокуратура органдары жүргізген тексеріс барысында ауыл әкімінің жасаған басқа да заң бұзушылықтары анықталыпты.

«Ол мемлекеттік қызметкерлерге қойылған шектеуді бұза отырып, кәсіпкерлікпен де айналысқан. Оның ағаш өңдеумен айналысатын цехы болған», — дейді прокуратура өкілі.

Ол мұндай бұзушылық тек тексеріс барысында анықталғанын және «аудандық салық қызметтері де, не әділет немесе кадрлық қызметтер бұл бұзушылықты анықтау және жою бойынша ешқандай шара қолданбаған», — деп атап көрсетті Б. Ергешов.

Соңғы жаңалықтар