Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
«Атап айтқанда биылғы жылы ауыз су саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы келер жылға өтеді. Нәтижесінде осы жылы аймақтағы 13 елді мекен, яғни 19,6 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылса, 2 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 35 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Нәтижесінде, 2020 жылға қарай қала тұрғындарының 97 пайызы, ауылдық елді мекендердің 83 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы қалалардың 93,4 пайызы, ал ауылдық елді мекендердің 73,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Оқи отырыңыз:
Алматыда барлық базар жаңарады
Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті