Оңтүстік Қазақстанда бизнес жолындағы әкімшілік тосқауылдар қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда бизнес жолындағы әкімшілік тосқауылдар қысқартылады

Оңтүстік Қазақстанда бизнес жолындағы әкімшілік тосқауылдар қысқартылады

Оңтүстік Қазақстан облысы 2011 жылға алдына бизнестің жолындағы әкімшілік тосқауылдарды 30 пайызға қысқарту туралы міндет қойып отыр.

  • 10 Маусым 2011
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық әкімшіліктен хабарлады.

Бұл жұмыс 2010 жылы басталған жұмыстың жалғасы болады. Былтыр да атқарушы биліктің күшімен кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін рұқсат құжаттарды алумен байланысты операциялар 30 пайызға қысқартылып еді.

«Біз тауардың сапасына немесе кәіпкерлік субъектінің қызметіне әсерін тигізе қоймайтын және алып тастауға болатын рұқсатнама құжаттың 61 түрін анықтадық. Сонымен қатар рұқсат беру амалдары да 42 пайызға қысқартылатын болады», — деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов.

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысқан субъектілердің саны 123 600 бірлікті құраған. Олар 327,9 миллиард теңгенің өнімдері мен тауарларын өндірген, қызметтерін көрсеткен. Аталмыш салада жұмыспен қамтылғандардың саны 305 400 адамды құрайды.