Оңтүстік Қазақстанда кейбір бюджет қызметкерлеріне заңсыз сыйақылар берілген - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда кейбір бюджет қызметкерлеріне заңсыз сыйақылар берілген

Оңтүстік Қазақстанда кейбір бюджет қызметкерлеріне заңсыз сыйақылар берілген

Оңтүстік Қазақстан прокуратурасы бюджет қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактілерін анықтады, деп прокуратураның жалпы қадағалау бөлімінің басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов мәлім етті.

  • 7 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, аталған төлемдерді мемлекеттік орган басшылары қарамағындағыларға да, өздеріне де жасапты. Мысалы, ОҚО қаржы басқармасының бастығы 1-ші тоқсанда оң нәтижеге қол жеткізгені үшін өзі мен қарамағындағыларға Т145 мың сыйақы бөліпті.

«Бірақ жоғарыда аталған бастық осы оң нәтижеге қол жеткізуге ешқандай да еңбек сіңірген емес. Себебі ол 2010-шы жылдың 18-ші қарашасынан бастап 2011-ші жылдың 28-ші наурызы аралығында жол-көлік оқиғасында алған жарақаттарын емдеп, емқағазымен жүрген», — деді Б. Ергешов.

Тексерістен соң, заңсыз бұйрық алынып тасталып, заңсыз алынған бюджет қаражаты қайтарылды.

Облыстық ТЖД бастығының бұйрығымен Арыс аудандық ТЖД бастығына Т28 335 мөлшерінде сыйақы тағайындаған. Ал ол кезге оның әлі жойылмаған тәртіптік сөгісі мойнында болған.

Үкімет қаулысымен мойнында жойылмаған сөгісі барларға сыйақы тағайындауға тыйым салынған. Бұл сыйақы да бюджетке қайтарылды.

Осындай бұзушылықтар ОҚО ішкі саясат басқармасында да, Түлкібас ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында да т.б. анықталды.

Барлығы заңсыз сыйақы төлеудің жалпы сомасы Т301 мың болатын 9 фактісі анықталды. Мемленкет пайдасына Т166 мың 500 сомасы қайтарылды, қалған сома әлі өтеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар