Оңтүстік Қазақстанда күйдіргі ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда күйдіргі ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды

Оңтүстік Қазақстанда күйдіргі ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды

АСТАНА. 4-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргі дертінің белгілері анықталған адамдар мен малдармен қарым-қатынаста болған, ауру ошағында тұрып жатқан 460-тай адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қазан 2006
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Ауру ошағында 460 адам анықталып, олар дәрігердің бақылауына алынды»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сарыағаш аудандық аурухаансына бірнеше күннің ішінде аудандағы Іңкес, Бесқұдық және Сарышаған ауылдарынан күйдіргі белгілерімен 9 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдаймен 63 жастағы әйел мен 28 жастағы еркектің ауру жұқтырғаны расталды. Сонымен бірге тағы да екі адамнан күйдіргінің типті терілік формасы анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта