Оңтүстік Қазақстанда мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды

Оңтүстік Қазақстанда мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды

Өңір аумағында 25 желтоқсан күні Ан-72 ұшағының апатқа ұшырап, 27 азаматтың мерт болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында кез келген сипаттағы мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды,

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды BAQ.kz «Жебе» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда кез келген сипаттағы мерекелік шаралар өткізілмейтін болды. Әкім қайғылы оқиғаға байланысты жаңа жылға қатысты өткізілетін іс-шараны тойламауды тапсырды. «Бұл тапсырма тікелей мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қатысты болғанымен, жекеменшік мекемелердің де мұндай шаралардан бас тартқаны абзал. «Қайғыны ер көтереді, қазаны ел көтереді» дейді қазақ халқы. Ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтардың мерт болуы баршамыздың ортақ қайғымыз. Сондықтан, азаматтар әкімнің бұл шешіміне түсіністікпен қарайтын болар деген үміттеміз»,- деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз хатшысы Берік Уәли.