Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды

Оңтүстік Қазақстанда ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды, деп

  • 27 Қазан 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

БАҚ үшін таратылған баспасөз хабарламасында мәлім етілгендей, 25 қазанда шамамен сағат 17.00-де Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен ОҚО бойынша қаржы полициясы бірлесіп атқарған жедел-алдын алу іс-шарасының барысында сотталушылардың біріне жалпы қамқорлықты қамтамасыз етуге қолғабыс ету үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды деген күдікпен түзеу мекемесінің бастығы ұсталды.

Оның үстінен ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

2012 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы арасында болған жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 2,5 есеге азайғанына қарамастан, бұл жұмыс ІІМ мен ҚАЖ комитеті басшылықтарының жіті бақылауында, деп атап өтілді пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар