Жарияланды: 440

Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегінен бір әйел көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында қырым қанды безгегі күдігімен аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жеткізілген науқас көз жұмды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

34 жастағы әйел 21 шілде күні ауруханаға түскен болатын. 22 шілдеде дәрігерлердің облыстық консилиумы «қырым қанды безгегі» диагнозын растады. Індет анықталған ошақта қазір зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Марқұммен қарым-қатынаста болған 6 адам дәрігерлердің бақылауында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін