Оңтүстік Қазақстанда «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы жалғасуда

Оңтүстік Қазақстанда «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысында «Танысуға рұқсат етіңіз!» кең ауқымды операциясы өтіп жатыр. Бұл акцияның барысында учаскелік инспекторлар үйлерді аралап, тұрғындарымен жеке-жеке танысуда,

  • 20 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

«Акцияның басты мақсаты — полицейлер мен тұрғындардың арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамыту. Учаскелік инспекторлар шараның барысында барынша көп пәтер мен үйді қамтуға тырысуда», — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оған қоса, аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары учаскелік полиция қосындарында азаматтарды қабылдап жатыр. Төрт күннің ішінде инспекторлар тұрғындарға 55 мыңнан астам визитка таратты. «Берекесі жоқ 57 отбасы анықталып, есепке қойылды, көші-қон заңнамасын бұзудың 203 факті анықталды. Барлық азаматтар миграциялық полиция желісі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», деп мәлім етті С.Қаракөзова.

Учаскелік инспекторлар үйме-үй аралау барысында, сондай-ақ, жалға берілетін, бірақ қожайындары табыс салығын төлемейтін пәтерлерге ерекше назар аударуда. Қазірдің өзінде осындай 100-ден астам пәтер анықталып отыр. Пәтер иелері туралы тиісті ақпарат салық органдарына жіберілуде.

Соңғы жаңалықтар