Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні сағат 17.00-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында болған. Бала өзенге байқаусызда құлап кеткен.
«31 қаңтар күні сағат 17.28-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында 2011 жылғы баланың абайсызда Арыс өзеніне құлап, суға ағып кеткені туралы хабарлама түсті», — делінген ведомствоның хабарламасында.
6 құтқарушы іздеп жатыр. Әзірге олар баланы тапқан жоқ.