Оңтүстік Қазақстандағы жаңа цемент зауыты 1 млн тонна жобалық қуатына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандағы жаңа цемент зауыты 1 млн тонна жобалық қуатына шықты

Оңтүстік Қазақстандағы жаңа цемент зауыты 1 млн тонна жобалық қуатына шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басында ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа цемент зауыты 1 млн тонна жобалық қуатына шықты, деп хабарлады зауыттың бас технологы Нияз Дияров.

  • 7 Шiлде 2011
  • 1355
Фото - Caravan.kz

«Қазір кәсіпорын жобалық норма – тәулігіне 2,5 мың тонна клинкер шығарып отыр. Бұл дәстүрлі технологияны пайдаланатын зауыттардан 5 есе көп.Ал өнімнің құны бәсекелестердің өнімдерінен 10-15%-ға арзан», — деді Н. Дияров бейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, «кәсіпорын Қазақстанда бірінші болып цементті «құрғақ әдіспен» шығарады, жабдықтарды Қытайда сатып алған».

«Бұл технология шығындалған қуатты барынша пайдаланады, бұл қалдықсыз өндіріс. Қуатты үнемдеу есебінен баға арзандайды. Бұдан басқа, бұл технология экологиялық қауіпсіз және барынша автоматтандырылған, бұл қоршаған ортаға зиянды төмендетеді», — дейді «Стандарт цемент» ЖШС-інің директоры Баурыжан Сейтжанов.

«Зауыттың 50 шақты инженері осы жабдықтармен жұмыс істеу үшін ҚХР-дан оқып келді», — деді ол.

Жаңа зауыттың өнімі ОҚО-ның цементке деген қажеттілігінің 50%-дан артығын қанағаттандырады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің оңтүстікқазақстандық бөлігін салатын мердігерлер зауытпен келісімшартқа отырды» — деп мәлім етті ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының юастығы Нұржан Әлтаев.

«Зертханалық зерттеуге сәйкес, аймақтағы цемент зауыттарының ішінен осы зауыт шығаратын цемент мердігер-компаниялардың талаптарына жауап береді», — деді ол.

«Стандарт цемент»ЖШС ОҚО Сайрам ауданында орналасқан. Зауыт бір жылда М-400, М-500 маркалы 1 млн тонна және одан да көп цемент шығара алады.

Соңғы жаңалықтар