Оңтүстік Қазақстандық кеденшілер 30 килоға жуық героин ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандық кеденшілер 30 килоға жуық героин ұстады

Оңтүстік Қазақстандық кеденшілер 30 килоға жуық героин ұстады

Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері бірлескен операция нәтижесінде 28 кило 518 грамм героин тәркіледі,- деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

Есірткі партиясы Тәжікстаннан келе жатқан отарба вагонынан шықты. Өрік салынған қаптардан кеденшілер 29 дана полиэтилен дорбаларға салынған сарғыш түсті зат тауып алған. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы дорбадағы заттардың қарапайым тәсілмен қолдан жасалған героин екенін дәлледеп берді.

Аталмыш дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің «Айналымнан шығарылған заттар мен бұйымдарды, немесе айналымға салуға шектеу қойылған заттарды контрабандалық тәсілмен тасымалдау» жөніндегі 250-бабы, 1-бөлімі, сондай-ақ, «Есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, біреу арқылы жолдау немесе сату» жөніндегі 259- бабы, 4-бөлімі, «б» пункті бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар