Оңтүстік Қазақстанның балалар үйінің 99 мектеп бітірушісі ЖОО-ларға грант алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанның балалар үйінің 99 мектеп бітірушісі ЖОО-ларға грант алды

Оңтүстік Қазақстанның балалар үйінің 99 мектеп бітірушісі ЖОО-ларға грант алды

Оңтүстік Қазақстан облысының балалар үйінің 99 мектеп бітірушісі ЖОО-ларға тегін оқуға грант алды.

  • 30 Маусым 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz

«Бұл дәстүр 2000-шы жылдан бері бастау алады. Сол кезден бастап әкімшілік балалар үйінің мектеп бітірушілеріне ересек өмірге сіңісіп кетуіне көмектесіп отырады», — деді гранттарды тапсыру кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімі Асқар Мырзахметов.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыстың 12 жоғарғы оқу орны (ЖОО) балалар үйлерінің үздік бітірушілеріне гранттар тапсырды.

ОҚО білім басқармасының мәліметтерінше, биыл балалар үйінің 333 оқушысы мектеп бітірді. Олардың 99-ы жоғарғы білім алғысы келді. Тағы 33 түлек республиканың басқа ЖОО-ларына түсуге әрекеттеніп көрмекші. 153 түлек кәсіби мектептер мен колледждерде, 23 түлек облыс лицейлерінде оқымақшы. 25 бала бірден еңбек жолына кіріспекші. Оған облыс әкімшілігі жұмысқа орналастыруда көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар