Оңтүстік шекарада тасбақаның мыңға жуығын алып өтпек болғандар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік шекарада тасбақаның мыңға жуығын алып өтпек болғандар қолға түсті

Оңтүстік шекарада тасбақаның мыңға жуығын алып өтпек болғандар қолға түсті

Елімізде тасбақаларды жасырын тасып, сатушыларға тиым болмай тұр. Соңғы кездері ауқаттылардың жерік асына айналған тасбақаларды қабымен сатып, шаш етектен пайдаға кенелмек болғандар тағы да Оңтүстік шекарада ұсталды.

  • 12 Тамыз 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Қапқа жасырылған «деликатестерді» иісшіл ит сезіп қойған. Контрабандалық топ оларды Өзбекстаннан әдейі Ресейдің қымбат мейрамханаларына сорпа үшін өткізуге әкетіп бара жатқан беті осы екен. 5 қаптан табылған мыңға жуық тасбақа бірден тәркіленді. Ал олардың етін саудаламақ болғандар бөлімшеге жеткізілді. Айта кетсек, кейінгі кездері тасбақадан қайнатылған сорпа кілең ауқаттылар тамақтанатын мейрамханаларда аса қат тағамға айналған. Бір тәрелкесінің құны жүз мың теңгеге дейін жетеді екен. Осыған құныққан жергілікті тұрғындар тасбақаларды оңды-солды аулап сатуды жиілеткен.

Соңғы жаңалықтар