Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Қажетті турбиналар мен қазандықтарға тапсырыс берілген. Олардың жеткізу келісімшартына Швециялық өндірушілермен қол қойылған. Қаржыландыру мәселесі шешілуде. Осы мәселе бойынша Австрия компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр.
Мамандардың есептеуінше, жөндеу жұмыстарынан кейін 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО сағатына 100 - 120 МВт қуат өндіретін болады. Кәсіпорынның өзіндік қажеттіліктеріне 20 МВт-та жеткілікті. Қалғанын облыс орталығы пайдаланады.