Оңтүстікқазақстандық екі атлет Лондонда өтетін олимпиада ойындарына лицензия алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікқазақстандық екі атлет Лондонда өтетін олимпиада ойындарына лицензия алды

Оңтүстікқазақстандық екі атлет Лондонда өтетін олимпиада ойындарына лицензия алды

Оңтүстікқазақстандық екі жеңіл атлет Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп мәлім етті ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатында №2 олимпиадалық резервтер мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Виктор Кравченко.

  • 14 Қазан 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Олар біздің мектебіміздің оқушылары — Наталья Иванинская мен Ольга Терешкова. Біздің спорт мектебіміздің әлеуеті өте жақсы», — дейді ол. Директордың айтуынша, жыл санап спорт саласына бөлінетін қаржы көбеюде.

«Алайда, бір орында тоқтап қалмай, нәтижелерге қол жеткізу керек. Енді біз жаңа спорт кешенінде жаттыға аламыз», -дейді спорт мектебінде 40 жыл жаттықтырушы, 15 жыл директор болып келе жатқан азамат В.Кравченко.

Оның айтуынша, жаңа спорт кешені ашылғанға дейін спортшыларымыз қыста Қажымұқан атындағы стадионның кішкентай спорт залында, ал жазда осы стадионның алаңында жаттыққан.

«Қазір балалар үшін тамаша жағдай жасалды», — дейді ол бір-екі жылдан кейін үлкен үміт күтуге болатынын айта келе.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар шымкенттік спорт мектебінде 9 жастан 28 жасқа дейінгі 860 спортшы оқиды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера