Оңтүстікқазақстандық полицейлер Голландиядан жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікқазақстандық полицейлер Голландиядан жүлдемен оралды

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Голландиядан жүлдемен оралды

Нидерланды патшалығындағы Эйберген мен Грунло қалаларында полицейлер арасындағы шағын футболдан 28-інші Әлем Чемпионаты болып өтті.

  • 28 Қазан 2010
  • 530
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерінен құралған футбол командасы 2010 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және әлеуетті құрылымдарының арасында өткен шағын футбол чемпионатында бірінші орынды иеленіп қайтты. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан Нидерланды патшалығында ел намысын қорғау міндеті республика деңгейінде жеңімпаз болған оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының үлесіне тиген болатын, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен Ақмаржан Мырзахметова.

Биылғы Қызғалдақты елдегі чемпионатқа қатысушылардың саны жағынан рекордтық дәрежеге жетіп, Еуропа, Австралия, Африка, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан келген 42 мемлекеттің 174 командасының басын құраған. Командалар алдын-ала 6 топқа бөлініп, онда ОҚО ІІД командасы «Е» тобында өнер көрсетті. Команда Мюнхенгладбах 1:0 (Германия), Сан-Пауло 2:0 (Бразилия), Ливорно 6:0 (Италия), Люблян 3:0 (Польша), Будапешт 3:0 (Венгрия), Швен 3:0 (Уэльс) жеңіп, 19 доп салып, 4-еуін жіберіп, полицейлер арасындағы Әлем Чемпионатының 1/8 финалына шықты.
1/8 финал барысында қарсылас Испан елінің Сивилия командасымен сайысқа түсті. Ойын 5:4 есебімен аяқталып, Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлер командасы ¼ финалға шықты. Славенияның Люблян командасын 3:2 есебімен ұтып, ½ финалға жолдама алды.
Болашақ Әлем Чемпиондары (Боснии и Герцогавиния) Тузло командасына пенальтиді ұтқызып, үшінші орынға таласты.
Өте тартысты әрі қатал ойында Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Румынияның Голати командасынан 1:2 есебімен ұтылды. Әлемнің 174 командасы қатысқан ойында ОҚО ІІД командасы жүлделі төртінші орынды иеленіп, елге жеңіспен оралды.
Қазақстандық полицейлер командасын Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД Жол полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Қарабаев бастап барды. Сондай-ақ, команда құрамында полиция подполковнигі Қанат Туғанбеков, полиция лейтенанты Нұрболат Маймақов, полиция майоры Ерлан Төрегелдиев, полиция майоры Нұрғали Қуанышбеков, полиция кіші сержанты Евгений Клинский, полиция кіші сержанты Берік Жұмабаев, полиция сержанты Данияр Сағындықов, полиция сержанты Сапар Әшірбай, полиция сержанты Нұрлан Ибрагимов сынды полиция қызметкерлері бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера