Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аумақтық дау-дамайлар - АСЕАН-ның жіті назарында
![]() |
Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығында (АСЕАН - Association of SouthEast Asian Nations) барлық проблемаларды, |
соның ішінде аумақтық келіспеушіліктер мен теңіздік құқықтарды сыртқы араласуынсыз шешуге даналық пен мүмкіндіктер бар.
Бұл туралы кеше Камбоджаның Пномпен қаласында өткен Қытай- АСЕАН 15-ші саммитінде қытайлық премьер Вэнь Цзябао мәлім етті.
Саммит қорытындысы бойынша АСЕАН басшылары Оңтүстік-Қытай теңізі мәселесінде интернационалдандыруға жол бермеуге келісті және Оңтүстік-Қытай теңізінде Тараптардың іс-әрекеті декларациясына қол қойылуына байланысты бірлескен мәлімдемені жариялады.
Экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне қарамастан, Қытай мен АСЕАН елдері, атап айтқанда, Филиппин, Вьетнам, Малайзия мен Бруней арасындағы Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аралдардың егемендігіне қатысты наразылықтар 2009 жылдан бастап шиеленістердің өршуіне алып келді.
2010 жылы Қытай- АСЕАН Еркін сауда аймағы туралы келісім өз күшіне енді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін