Оңтүстікте биыл 6 индустриялды аймақ ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте биыл 6 индустриялды аймақ ашылады

Оңтүстікте биыл 6 индустриялды аймақ ашылады

Оңтүстік Қазақстанда 19 индустриялды аймақ құрылуда.

  • 5 Тамыз 2015
  • 686
Фото - Caravan.kz


Бүгінде оның төртеуі Шымкентте іске асса, жалпы көлемі 153 га құрайтын 2 индустриялды аймақ Түркістан қаласы мен Созақ ауданында пайдалануға беріліп отыр.

 Бұл туралы  «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймағы» ЖШС директоры М.Тұрабеков хабарлады. Жыл соңына дейін «Оңтүстік» индустриалды аймағын қосқанда бұл көрсеткіш 12-ге артса, 2016-2017 жылдары аудан, қалаларда 7 индустриялдық аймақтың құрылысы аяқталмақ. Олардың қатарында Арыс қаласы, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы индустриялды аймақтар мен Шымкент қаласы маңындағы агро-индустриялды аймағы бар. 
Осылайша өңірде өнеркәсіптік өндіріс пен бизнес үшін 975 гектар аумақта дайын өнеркәсіптік алаңдар қалыптаспақ. Биылғы жылы Қазақстан-Түркия бизнес форумында екі ел басшыларының келісімімен Қазақ-Түрік индустриялды аймағын бірлесіп басқару бойынша Анкара қаласының Кәсіпкерлік Палатасы мен «Оңтүстік» индустриялды аймақтарының басқарушы компаниясы» арасында келісімшарт жасалды. 
Сондай-ақ, фармацевтика, машина жасау және металлургия секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған 292 га құрайтын «Бадам», «КТИЗ» және «Тассай» индустриялды аймақтары құрылып отыр. Осы индустриялды аймақтарына тартылған жеке инвистиция көлемі 82 млрд.теңгені ($450 млн) құрады. Қазақ-түрік индустриалды аймағымен қатар Қазақстан-Қытай индустриалды аймағы құрылмақ. Бұл үшін Хэбэй, Шаньси, Шаньдун провинциясында Қытай халықаралық сауда палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы, облысымыздағы барлық индустриялды аймақтарында құны 176,9 млрд.теңгені құрайтын 148 инвистициялық жоба іске асып, нәтижесінде 15 829 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асқан жобалардың 75-сі облысымыздың аудандары мен қалаларында орналасқан, деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар