Жарияланды: 350

«Өнімділік-2020» бағдарламасына жалпы құны 152,6 млрд. теңге болатын 51 инвестициялық жоба енді

«Өнімділік-2020» бағдарламасы іске аса бастағаннан бері, оған 15 облыстан өнеркәсіптің 8 саласы бойынша жалпы құны 152,6 млрд. теңге болатын 51 инвестициялық жоба енді,

деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен. Ведомствоның атап өтуінше, құрылыс заттар индустриясынан - 15 жоба, машинажасау саласынан - 13, агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі 6 жоба, химия өнеркәсібінен - 5, фармацевтикадан - 4, ағаш өңдеу индустриясынан - 3, энергетикадан - 3, металлургия саласынан 2 жоба енді. 2012 жылы бағдарламаға Қазақстанның 12 облысынан 25 жоба енген болатын. Ең белсенді облыстар - Алматы қаласы (7), ОҚО (6), Қараганды облысы (5), Қостанай облысы (5), ШҚО (4), Павлодар облысы (4), Ақтөбе (4) және Алматы облысы (4).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін