Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап хабарлайды.
«Расталмаған мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған тоғызыншы сынып оқушысы төрт ағашты кесуді талап ететін онлайн ойын тапсырмасын орындаған. Алайда ағаштардың орнына бейкүнә мектеп оқушылары нысанаға айналған.
Білім басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналардың өтінішімен ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы туралы толық ақпарат бермеді», – делінген хабарламада.