Онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін

Онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін

Енді онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін. Ұлттық банк төлем қызметтеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды.

  • 6 Ақпан
  • 2
ФОТО: zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат Ашық порталында жарияланған. Ол жерде электрондық ақша иесіне оңайлатылған сәйкестендіру болмайтындығы көрсетілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді кез-келген адам міндетті түрде толық сәйкестендіруден өтеді. Бірақ, жобада процестің қалай жүргізілетіні жазылмаған.

Ал мүгедектігі бар адамдар үшін электрондық банкинг бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ.

Жаңа нормаға сәйкес, банктер электрондық қызмет көрсету кезінде биометриялық аутентификацияны қолданады.

Бүгін жарияланған норма ақпанның 20-на дейін қоғам талқылауында болады. Кез-келген қазақстандық ашық порталына кіріп, пікір білдіре алады.