Онсыз да азып-тозып, арып-ашып, әрең жүрген халықты неге табалай береміз - Ақбота Керімбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 491.59
  • 572.16
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Онсыз да азып-тозып, арып-ашып, әрең жүрген халықты неге табалай береміз - Ақбота Керімбекова

Онсыз да азып-тозып, арып-ашып, әрең жүрген халықты неге табалай береміз - Ақбота Керімбекова

Эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

  • 10 Наурыз
  • 4
Фото: instagram.com/botakerim

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі ел алдында жүрген тұлғаларды халықтан именіп сөйлеуге шақырды.

«Кеше журналист ініміз Дәурен Алаш “Бүгінгі қазаққа эмоциясын игере алатын адамдар қажет”,-деген жазба қалдырыпты. Ойланып қалдым. Рас қой!..

Жалпы, менің түсіне алмайтын нәрселерім көп, соның бірі — кісіде кеткен өш-есені, өкпе-ренішті, қайтара алмаған кекті неге халықтан алуға тырысамыз?! Біздің ұлт кез-келген ызасы келген ит тістелеп кете беретін көршінің кір кебісі ме еді?! Онсыз да азып-тозып, арып-ашып, әрең жүрген халықты неге табалай береміз?!

Бұл ешқандай ақыл өлшеміне сыймайтын дүние. Қандай жағдайда да ұлтты жазғыруға, тұтас халыққа күйе жағуға болмайды. Қасіреттің бәріне көнген, тақсіреттің бәрін тартқан бір халық біздей-ақ болсын!.. Бәрімізді адам қатарына қосқан, талантты таныған, дарынды дәріптеген, қатеміз болса кешірген, қошеметімен мерейімізді өсірген осы халық екенін ұмытпайық.
Жалпы, кім болса да, халықтан именіп сөйлеген дұрыс деп есептеймін. Ұлттан биік көрінуге тырысып, оған астам сөйлеуге ешқашан болмайды.

Сосын, сөз басындағы Дәурен ініміздің пікіріндегідей, бізге эмоциясын басқара алатын тұлғалар керек. Ұлттық мінберге кез-келген мәселеде ұстамдылық таныта алатын салқынқанды адамдар шығуы керек, бірақ, ол ұлтқа салқындық танытатын сұмпайы болмауы тиіс!.. Қазаққа қадірлі адамдар! Сөз ұстаған саңлақтар! Қайратты қаламгерлер! Сіздерге үлкен өтініш, реті келсе халықтың еңсесін тіктейтін сөз айтыңыздаршы. Жұртымыздың жабырқаған жанын жұбатуға тырысайықшы. Бұл — біздің халық қой!..», — деп жазды ол.