EXPO-2017 көрмесіне келген африкалықты тексеру туралы күлкілі видео пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик Астанадағы EXPO өткізу-бақылау пунктінде түсірілген. Оны Facebook желісінде Сәния Дутова есімді қолданушы жариялаған. Видеода ұлттық киім киген африкалықты тексеру сәті түсірілген.
"Олар бір-бірін ым-ишарамен түсінді", "үздік видео, 5 балл… Күні бойына көңіл-күйім көтерілді", "EXPO-ға осыларды көру үшін барамын", — деп жазып жатыр Желі қолданушылары