онтрафакт өнімдерін сатқан қылмыскерлерге үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
онтрафакт өнімдерін сатқан қылмыскерлерге үкім шығарылды

онтрафакт өнімдерін сатқан қылмыскерлерге үкім шығарылды

Кез-келген қылмыс қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады. Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты контрафакт өнімді өндіру мен сатуды жолға қойған қылмыскерлерге қатысты айыптау үкімін шығарды.

  • 13 Шiлде 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың соңында жедел-іздеу іс-шаралары кезінде «бақылау сатып алу» жүргізіліп, нәтижесінде контрафакт өнімдерін сату фактісі, дәлірек айтқанда, К. Орманов пен Т. Өскембаевтың контрафакт DVD-дисктер жасап, олардың әрбір бірлігін 250 теңгеден сатқаны анықталып, контрафакт белгілері бар 102 DVD-диск алынды.

2011 жылдың 12 қаңтарында жедел-іздеу іс-шаралары барысында Астана қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті контрафакт өнімдері өндірілетін цехты, өнімдерді сақтау қоймасы мен оны Астана қаласының аумағында өткізетін орындарды анықтаған.

К. Орманов жалдамалы пәтерде орналасқан контрафакт өнімдер өндірілетін астыртын цехтың ұйымдастырушысы бола тұрып, Өзбекстан Республикасының азаматы Т. Өскембаевпен алдын-ала келісу арқылы контрафакт өнімдерін әзірлеп, өткізумен айналысқан. Орманов пен Өскембаев әзірленген контрафакт өнімдердің әр бірлігін 250 теңгеге сату үшін өткізу орындарына тасымалдаған.

Цехты, қойманы және өткізу орындарын қарау барсында түрлі видеофильмдер жазылған контрафакт 3842 дана DVD дискт табылып, алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған DVD дисктер лицензиялы өнімге жатпайды.

Осы қылмыстық іс бойынша сот тергеу жұмыстары кезінде Орманов пен Өскембаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184-бабының 3-бөлігі «а,б,в» тармақтары бойынша жасаған қылмыстарын толық мойындап, шынайы өкінетіндіктерін білдірді.

Сот үкімімен К. Орманов пен Т.Өскембаев авторлық құқық объектісінің контрафакт даналарын заңсыз әзірлегені үшін Қылмыстық кодекстің 184-бабының 3-бөлігі «а,б,в» тармақтары бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды, оларға шартты түрде сынақ мерзімімен 2 жыл бас бостандығынан айырылу тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар