Оңтүстік Корея халқының Қазақстанға туристік бағдар ретінде қызығушылығы артып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея халқының Қазақстанға туристік бағдар ретінде қызығушылығы артып жатыр

Оңтүстік Корея халқының Қазақстанға туристік бағдар ретінде қызығушылығы артып жатыр

Аймақтағы 4 негізгі бағыт бойынша іздеу сұрауларының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 225% ұлғайды

  • 9 Желтоқсан
  • 6
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Оңтүстік Кореяның саяхатшылары үшін Орталық Азиядағы жаңа танымал бағытқа айналды, деп хабарлады «Kazakh Tourism».

Agoda цифрлық туристік платформасының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізге деген қызығушылық 295%-ға өскен.

Компания мәліметінше, биыл оңтүстіккореялық туристердің Қазақстан бойынша турлар мен орналастыру орындарын іздеу сұранысы едәуір көбейді. Қызығушылықтың артуына елдер арасындағы тікелей әуе қатынасының кеңеюі ықпал етті.

«Қазақстанның оңтүстік астанасының танымалдығын Eastar Jet әуе компаниясының Инчхон–Алматы бағытын іске қосуы арттырып, іздеу сұранысы 348%-ға ұлғайды. Шымкент қаласына да оңтүстіккореялық саяхатшылардың қызығушылығы 89%-ға өсті. Оған мамыр айында SCAT әуе компаниясының Инчхоннан тікелей рейстің ашылуы септігін тигізді», — деп жазылған хабарламада.

Жалпы оңтүстік кореялық туристердің Орталық Азия дестинацияларына қызығушылықтары арта түскен. Аймақтағы 4 негізгі бағыт бойынша іздеу сұрауларының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 225% ұлғайды.

Перейти к новостям спорта