Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 503.42
  • 542.08
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр

Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр

Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық бермей тұр. Оған құрғақ ауа райы мен екпінді жел себеп.

  • 26 Наурыз
  • 6
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Содан өткен аптадан бері Кёнсан-Пукто провинциясында 15 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен.

Тілсіз жау салдарынан 4 адам опат болып, тағы 11-і жараланған, деп жазады 24.kz.

5 жарым мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді.

Жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Соның көбіне адамдардың өздері кінәлі болып шыққан.