“Оның айналасына байланып қалудың өзі күмән тудырады”: Зайытов Шерзаттың отбасындағы қайғыға қатысты ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Оның айналасына байланып қалудың өзі күмән тудырады”: Зайытов Шерзаттың отбасындағы қайғыға қатысты ойын айтты

“Оның айналасына байланып қалудың өзі күмән тудырады”: Зайытов Шерзаттың отбасындағы қайғыға қатысты ойын айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Талғарда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

  • 11 Желтоқсан 2024
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Блогері бар, басқасы бар. Сіздер Қазақстан бойынша тұрмыстық қылмыстар жөнінде ақпарат беріп жатқан жоқсыздар ғой. Үржарда болып жатыр. Мақаншыда болып жатыр. Мүлдем айтып жатқан жоқсыздар. Соның кесірі ме деп ойлаймын. Журналистер мен блогерлерді кіналаған жоқпын. Оның әсері бар деп айттым. Өтірік айтпайын, бұл оқиғадан хабарым жоқ. Мен қайдан білемін?! Бейхабармын. Әлеуметтік желіде киноның айналасында да шу болады. Біріншіден, бәрін қарап отыруға міндетті емес шығармын. Екіншіден, егер барлық осы оқиғаның айналасында жүрген журналистер, блогерлер шынымен қазақ қоғамындағы әділетсіздікті, қазақ қоғамындағы кемшіліктерді түзетуге ұмтылған тұлғалар болса, барлығына әділетті қарасын. Ондай оқиға жоқ десе, маған келіңіздер, қай жерде қандай оқиға болып жатқанын қолдарыңызға беремін. Мысалы, Семейде бір кісінің ұлын вахтада болған кезінде өлтіріп кетеді. Соған іс қозғамағанына бір жылдана асты. Бір-ақ кейс қана. Ауылдарда, аудандарда оқушыларды сабап кету бойынша өте көп дерек. Кісі өлімі болып жатқан деректер өте көп. Айналасында жүрсеңіздер, мархабат. Бір осындай оқиғаның айналасында барлығы жиналып, оны Мәжіліске дейін алып келіп, қандай да бір әңгіменің жанында от жағу керек болса, күмәнмен қараймын. Иә, қайғылы оқиға. Мен оны резонанс емес деп жатқан жоқпын. Оның айналасына байланып қалудың өзі күмән тудырады», — деді депутат.