"Оның ата-анасы қайда қарап отыр?": 7-сынып оқушысы бес жасар баланы өлімнен құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оның ата-анасы қайда қарап отыр?": 7-сынып оқушысы бес жасар баланы өлімнен құтқарды

"Оның ата-анасы қайда қарап отыр?": 7-сынып оқушысы бес жасар баланы өлімнен құтқарды

Қазақстанда өсіп келе жатқан жаңа ұрпақтың тәрбиесі әркімді-ақ тәнті етеді.

  • 22 Мамыр
  • 22
Фото: Caravan.kz

20 мамырда Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов бес жасар баланы өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақан Астанада 31-ші мектепте оқиды. Ол аулада ойнап жүргенде, далада жүрген адамдар қоғамдық балконда шүберекке асылып отырған баланы байқаған.

Батыр жігіт ұзақ ойланбай, бірден жоғарыға жүгіріп, құтқаруға ұмтылды. Төртінші қабатқа шығып, құлайын деп ілініп тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды.

Ақан көп балалы отбасынан шыққан. Ол өзінің іні-қарындастарының барын айтып, қиын жағдайда оларға да біреу көмек көрсететініне үміттенеді.

«Ақанның ата-анасына барып, оларға бас игім келеді. Осындай адамдар барда, біздің әлем гүлдене бермек», — деп жазды Алексей Алексеев.