Жол бойындағы әжетхананы салуға миллиард жұмсалатыны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол бойындағы әжетхананы салуға миллиард жұмсалатыны рас па?

Жол бойындағы әжетхананы салуға миллиард жұмсалатыны рас па?

Елімізде жол бойындағы бір әжетхананы салуға пәтердің құнымен тең қаражат жұмсалады екен.

  • 7 Сәуiр
  • 126
Фото: видеодан алынған скрин

Елімізде жол бойындағы әжетханананың құны 1 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін. Мәселе бір әжетхана туралы емес, яғни толық инфрақұрылымы бар нысан туралы болып отыр. Мұндай жобалардың құнына не кіреді? Caravan.kz медиа порталының тілшісі жалғастырады. 

Жол бойындағы инфрақұрылымды жақсарту туралы “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашев айтқан.  Оның сөзінше, жобаның қымбат болуының себебі бар. Ол тек санитарлық нысан салу емес, оған қажетті барлық инженерлік жүйелерді жүргізу.

Негізгі шығын қайда кетеді?

Ресми дерекке сүйенсек, жалпы соманың 30-40%-ға жуығы инфрақұрылымға жұмсалады. Оның ішінде:

— су тарту;

— электр желісін жүргізу;

— аумақты абаттандыру және асфальттау;

— нысанға дейін кіреберіс жол салу (1 шақырымға дейін).

Яғни, әңгіме бір ғана әжетхана емес, толыққанды жол бойындағы қызмет көрсету нүктесін жасау туралы болып отыр.

Сонымен қатар “ҚазАвтоЖол” мұндай жобаларға 40%-ға дейін қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Компанияның ұстанымы бойынша, жеке инвесторлар тек дәретхана емес, кешенді нысандар салуы тиіс. Яғни:

— кафе;

— қонақүй;

— жанармай құю станциялары.

Осындай орындардың құрамында заманауи санитарлық тораптар қарастырылады.

Иманашевтың айтуынша, ұлттық компания инвесторларға жол қозғалысының қарқындылығы туралы толық талдау ұсынады. Соңғы үш жылда ақылы жолдарда көлік ағыны жыл сайын 15-20%-ға өсіп отырған. Бұл, әрине бизнес үшін негізгі көрсеткіштердің бірі.

Қазақстандағы әжетханалардың қазіргі жағдайы

Бүгінде ел бойынша жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының саны 1300-ге жетеді. Оның ішінде:

  • 813-і суық әжетхана;
  • 176-сы жылы әжетхана.

Әр нысанда QR-код орнатылған. Азаматтар қызмет сапасына қатысты шағымды сол арқылы қалдыра алады.

Сонымен қатар, елде әлі күнге дейін әжетханасы жоқ жол учаскелері де бар. Бұл, әсіресе, ескі жолдарға қатысты. Кейбір трассалар 1950–1960 жылдары салынған және ол кезде мұндай санитарлық талаптар мүлде болмаған.

Қазір оңтүстік өңірлерде мәселе шешілгенімен, солтүстік аймақтарда әлі де өзекті болып отыр.

Инвесторларға ұсыныс

Қазір “ҚазАвтоЖол” республикалық трассалар бойында нысан салуға дайын инвесторларды іздеуде. Компания өз тарапынан инфрақұрылымды жүргізуге қолдау көрсетуге дайын екенін айтады. Бұл модельде мемлекет пен бизнес бірлесіп жұмыс істемек: мемлекет жағдай жасайды, ал инвестор табыс табатын сервис құрады.

Фото: видеодан алынған скрин

Қымбат әжетханалар жыры 

Пәтердің құнымен тең жол бойындағы нысандар мәселесі әрдайым қоғамның талқылауынан түспейді. Мысалы: 

  • 2024 жылы Семей тас жолында 22 миллион теңгеге салынған әжетхана пайдалануға берілмей, дау туғызған;
  • Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалардың істен шыққаны туралы ақпарат тараған;
  • Абай облысында жазық далада 30 миллион теңгеге салынған әжетхана қоғам назарын аударып, тіпті тексеріс жұмыстарына дейін жеткен. 

Халықтың пікірі

«Жартысының жартысына салынған шығар».

«Мұның көбі жабық тұрады, алтын қоймасы сияқты».

«40 үй салатын ақша ғой».