"Оның танымал достары одан бас тартып кетті": Дикий Арманның әйелі сұхбат кезінде жылап қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оның танымал достары одан бас тартып кетті": Дикий Арманның әйелі сұхбат кезінде жылап қалды (ВИДЕО)

"Оның танымал достары одан бас тартып кетті": Дикий Арманның әйелі сұхбат кезінде жылап қалды (ВИДЕО)

Қылмыс әлемінің серкесі Дикий Арман қазіргі таңда қаңтар оқиғасына байланысты қамауда екені көпшілікке мәлім. Осы жағдайға байланысты Арман Жұмагелдиевтің әйелі Айколь Аликжанова сұхбат беріп, өз ойын айтты.

  • 15 Наурыз 2022
  • 13682
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Orda news" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Арман бостандықта болған кезде, көптеген адамдар онымен таныс екендеріне мақтанатын. Біреулер тіпті онымен бірге суретке түсу үшін Стамбулға арнайы келетін. Ал енді мына жағдай болған кезде, оны түрмеге қамаған кезде ол адамдардың қазір жанында жоқ екені өкінішті. Бұл жақсылықты бағаламау, қалай десем екен?! Мен, балам, анасы осындай жағдайдамыз. Қызым күлген кезде, оған қарап күлімдеп, берілмеуге барынша тырысып жатырмын. Тек қызым мен сенім ғана маған көмектесуде (жылап). Негізінен бұл өте қиын. Менің жылағанымды жұрттың көргенін қаламаймын, бірақ осындай қиын сәттерде кімнің қандай екенін білесің екен. Нағыз достар осындай сәттерде белгілі болады. Алла қаласа ол бостандыққа шығады, мен әділеттілікке сенемін. Мен соңына дейін күресемін", — деді Айколь Аликжанова.