ОПЕК әзірге жаңа бас хатшыны таңдай алмады - Ливия - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОПЕК әзірге жаңа бас хатшыны таңдай алмады - Ливия

ОПЕК әзірге жаңа бас хатшыны таңдай алмады - Ливия

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының басқарушылар Кеңесі (ОПЕК) екікүндік отырыста ұйымның келесі бас хатшысының кандидатурасы бойынша келісе алмады, деп мәлімдеді журналистерге мұнай картеліндегі Ливия өкілі Самир Салем Камаль.

  • 24 Қазан 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, басқарушылар Кеңесі ұйымға енуші мемлекеттердің министрлерінің конференциясына бірден бірнеше кандидат бойынша ұсыныстар жөнелтпек.

Отырыс барысында ОПЕК басқарушылары Ирак, Иран, Сауд Арабиясы және Эквадордың кандидаттарымен 90 минуттық әңгіме жүргізді. Оның нәтижелері министрлерге жазбаша баяндама түрінде беріледі, деп хабарлады Bloomberg-ге хабардар дереккөздер.
Қазір ОПЕК-тің бас хатшысы Ливияның өкілі Абдалла эль-Бадри, 2012 жылы оның бұл қызметтегі кезегі аяқталмақ.
Жаңа хатшыны таңдау шаруасы Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қатынастарға орай да қиындау болып отыр. Олардың әрқайсысы ол орынға өз адамдарын ұсынып отыр.
Түпкілікті шешім 12-желтоқсан күні Венада ОПЕК министрлерінің конференциясында қабылданбақ.

Соңғы жаңалықтар