Жарияланды: 470

ОПЕК конференциясы мұнай бағасының күрт көтерілуіне себеп болды

8 маусымда Венада өткен кездесуде ОПЕК елдерінің өкілдері мұнай өндіру квотасы бойынша ортақ келісімге келе алмауының салдарынан,

Нью-Йорк және Лондон биржаларында «қара алтынның» бағасы тағы көтеріліп кетті. "Кешегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 1,65 долларға қымбаттап, 100,74 доллар/баррельді құрады", - деп хабарлайды РБК агенттігі. Ал Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 1,07 долларға көтеріліп, «қара алтынның» баррелінің бағасы 117,85 долларға жетті. АҚШ Президенті Барак Обама, қажет болған жағдайда, елдің стратегиялық мұнай қорының пайдаланылу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеп отыр. ОПЕК елдері әлемдегі барлық мұнай қорының шамамен 40 пайызын өндіреді. Венадағы отырыста «қара алтынның» тәуліктік өндірісін, ағымдағы жылдың екінші жартысындағы күтіліп отырған сұранысты ескере отырып, 30,3 миллион баррельге дейін көтеру туралы ұсыныс жасалды. Бірақ бұл ұсынысқа қартельге мүше алты ел қарсы болды. Квотаны көтеруді қолдап отырған Сауд Арабиясының мұнай министрі Әли әл-Наими, «ОПЕК-тің бұл конференциясы картель тарихындағы ең нәтижесіз конференция» деп атады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін