Опера және балет өнерінің жұлдыздары Алматыға халықаралық фестивальге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Опера және балет өнерінің жұлдыздары Алматыға халықаралық фестивальге келеді

Опера және балет өнерінің жұлдыздары Алматыға халықаралық фестивальге келеді

Алматыда мәдениет жылы шеңберінде 20-24 маусым аралығында опера және балет өнерінің ІІІ халықаралық фестивалі өтеді.

  • 19 Маусым 2012
  • 1952
Фото - Caravan.kz

Фестиваль бағдарламасында Джакомо Пуччинидің «Богема» және «Принцесса Турандот» опералары көзделген, балеттен Петр Чайковскийдің «Лебединое озеро» мен «Анна Каренинасы» көрсетілмек», делінген сейсенбіде ұйымдастырушылардан таралған хабарламада.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында опера және балет өнерінің әлемдік жұлдыздары : дирижер — Марко Балдери (Италия), Королевтік театрдың прима-балеринасы Ковент-Гарден — Роберта Маркеc Барбоса (Ұлыбритания), Ағылшын ұлттық балетінің премьері — Арионель Пегуэро Варгаc (Ұлыбритания), тенор — Антонино Интеризано (Италия), сопрано — Кристина Пиперно (Италия), тенор — Вон Йонг Ли (Оңтүстік Корея), сопрано — Йонг Ми Ким (Оңтүстік Корея) өнер көрсетпек.
Қазақстандық солистерден республиканың халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Жәмиля Баспакова, Сәуле Рахмедова, Болат Жомартов, Бейімбет Қожабаев; опера солистері : Андрей Трегубенко, Серік Аукатов, балеттің жетекші солистері: Айнұр Әбілғазина, Жанель Тукеева, Фархад Буриев, Дәурен Жеңіс және Нұрлан Қонақбаев қатыспақ, делінген хабарламада.

Перейти к новостям спорта