Оппозиция биліктен мұнай кәсіпорындарын мемлекет меншігіне қайтаруға шаралар қолдануды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиция биліктен мұнай кәсіпорындарын мемлекет меншігіне қайтаруға шаралар қолдануды талап етті

Оппозиция биліктен мұнай кәсіпорындарын мемлекет меншігіне қайтаруға шаралар қолдануды талап етті

Алматыда оппозициялық партия өкілдері биліктен мұнай мен металл өнідірісі саласындағы барлық стратегиялық кәсіпорындарды халық игілігіне қайтару бойынша заңнамалық және нақты шаралар қабылдауын талап етті, деп «Азат» ЖСДР баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz

ҚазТАГ агенттігі оппозициялық партия өкілдерінің Алматыда сенбі күні өткізген митингіде қабылдаған қабылданған қарарды толық бергенді жөн деп санады.

Митингі қарары«Еліміздің, болашақ ұрпақтың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық қазақстандықтарға!», — деп басталады.

«Соңғы 20 жыл бойы Қазақстан халқы әртүрлі күмәнді экономикалық тәжірибелердің ауыртпалығын тартып, биліктің шикізаттық тәуелді экономиканы индустриалдық етеміз деген бітпейтін уәделеріне алданып келеді. Нәтижесінде, билік қарышты экономикалық даму мен барлық азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ете алмағанын баршамыз көріп отырмыз.

Әсіресе, биліктің ұлттық байлыққа деген көзқарасы қатты алаңдаушылық туғызуда. Еліміздің экономикалық әлеуеті сапалы түрде төмендеуімен қатар Қазақстанның стратегиялық кәсіпорындары мен басты табиғи ресурстары кей жағдайда күмәнді шетел компанияларының қолына өтіп кетті.

Мемлекет табысының 80 пайызын қамтамасыз ететін мұнайгаз саласында жағдай өте-мөте күрделі – шетел компаниялары оны өндірудің 72 пайызын өз бақылауында ұстауда. Мысалға, Теңіз кенішіндегі мемлекеттің үлесі 10-ақ пайызды құрайды, мұның өзі ол 2032 жылға (яғни, таусылғанға) дейін шетелдіктерге толайым берілді деген сөз. Қашаған мұнай көзі шетелдік компанияларға 20 жылға берілді, олар келісім-шартты тағы да осыншама мерзімге созуға құқылы (Қазақстанның үлесі – 9 пайыздан төмен). Қарашығанақ газконденсат орны 2038 жылға дейін түгелімен берілген. Бұл кен орындары – соңғы 30 жылда әлемде ашылған мұнай-газ көздерінің ішіндегі ең ірісі әрі бірегейі болып табылады.

Соңғы жылдары қазақстандық көмірсутегі көздерін игеру құқын Қытай Халық Республикасы көптеп иеленіп отыр. Қысқа мерзім ішінде Қазақстандағы мұнай мен газконденсаты жылдық өнімінің ширек бөлігі қытай компанияларының үлесіне тиді – мұның өзі еліміздің стратегиялық мүдделері мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнді деген сөз!

Сонымен қатар, соңғы үш жылдың ішінде ғана қазақстандық құрылымдар Қытайдан 19 млрд. долларға жуық қарыз алды – сөйтіп еліміздің басқа елдерге жиынтық қарызы 120 млрд. долларға жуықтады. Ал ол қарыздар мен Қазақстанда мұнай өндіруге байланысты жасалған келісімдер-шарттар қандай салдарға әкеліп соққтырары қоғам назарынан тыс.

Осы жайттар биліктің табансыздығынан елімізді артта қалған шикізат отарына айналдырды. Және де бұл үрдіс толассыз, үдеп бара жатыр. Оның үстіне, дәл мұндай саясат – жалпыхалықтық табиғи ресурстарға өздерінің жеке бас мүдделері тұрғысынан қарайтын биліктің тікелей қызығушылығы бар екенін де айқын көрсетіп тұр! Сондықтан да, осынау жағдай өзгермесе, табиғи ресурстарды пайдаланудан ел табысының өсуі мен қазақстандықтардың әл-ауқатының шынайы өсуі арасында, біздің байшікештердің зәулім сарайлары мен отандастарымыздың көпшілігі паналап отырған лашықтарының арасындағыдай жер мен көктей айырмашылықтар сақталып қала беретін болады!

Қазақстанның экономикасы үшін, біздің отандастарымыз үшін мұндай жағдай төзгісіз екені айдананық! Еліміздің ертеңіне, оның ұлттық мүддесіне, баларымыздың болашағына алаңдаушылық білдіре отырып, біз ҚР Президентінен мыналарды талап етеміз:

Мұнай мен металл өндіру саласындағы барлық стратегиялық кәсіпорындарды халықтың меншігіне қайтару жөніндегі заңнамалық және іс жүзіндегі шараларды қолға алу;
Тәуелсіздік жылдары барлық шетел компанияларымен өнімді бөлу келісімдері мен қазбалы байлықтарды игеруге байланысты жасалған шарттарды Үкіметтің жария етуін міндеттеу;
Кытай жағымен жоспарланған біріккен экономикалық жобаларды – оларды қоғамдық және сараптамалық зеттеуден толық өткізгенше, тоқтау;
Мемлекеттік компаниялар мен банктердің қытайлықтармен жасаған барлық келісімдерін, Қазақстанға қытай несиелерінің берілу шарттарын баспасөзде жариялау;
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді бағалау мен зерттеу үшін үкімет, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар өкілдерінен және сарапшылардан тұратын комиссия құру.
Қалыптасқан жағдай, ең алдымен, биліктің халық бақылауында болмауы мен оның өкілетті тармағының әлжуаз болуы себептерін ескере отырып уәде етілген саяси жүйені демократияландыруға кірісуге шақырамыз – және де алғашқы қадам ретінде, ел алдында абыройын айрандай төгіп отырған Парламентті таратып, қауқарсыз Үкіметті отставкаға жіберу.

Осындай нақты да тиімді шаралар ғана отандастарымыздың ынтымақтастығына оң ықпал етіп ықпал етіп, еліміздің толыққанды дамуын, Қазақстанның нағыз экономикалық егемендігі мен саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ететініне біз сенімдіміз!», — делінген «Азат» ЖСДП таратқан митингінің қарарында.

Соңғы жаңалықтар