Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты - Н.Назарбаев

Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты - Н.Назарбаев

Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 24-тамызда тікелей эфирде телекөрермендер сауалына жауап беру барысында пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 805
Фото - Caravan.kz

«Қазір еліміздегі оппозиция өсіп-жетіліп келеді және ол болуға тиіс. Оппозиция — демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты»,- деді Н.Назарбаев. «Біз қазір ашық қоғам құрып жатырмыз және Конституция мен Қазақстан заңдарының аясында жұмыс істейтін оппозицияны ынталандыруға тиіспіз»,- деді президент.

Бұрынғы шенеуніктер тарапынан өзіне тағылатын сынға қалай қарайтыны туралы сауалға жауап берген Елбасы: «қазір баршасына сын тағу қалыпты жағдайға айналды»,- деді . Дегенмен, президенттің пайымдауынша, «әдетте өз бастарында жасыратыны барлар ғана сынап-сөгумен жиі шұғылданады бесенеден белгілі жай». Осы орайда президент Франция королі Людовик ХІҮ айтқан бір тәмсіл сөзді еске салды. «Бір адамды лауазымға тағайындау арқылы оған көңілі толмайтын жүздеген адамды және жақсылықты білмейтін бір безбүйректі дүниеге әкелемін» , деген екен король. «Осы сөз күні бүгінге дейін өзектілігінен айрылмаған секілді»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта