Оппозиция жетекшілері рұқсатсыз митинг өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиция жетекшілері рұқсатсыз митинг өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Оппозиция жетекшілері рұқсатсыз митинг өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда рұқсатсыз митинг өткізуге және ұйымдастыруға байланысты оппозиция жетекшілерінің үстінен қозғалған істер бойынша сот тыңдаулары аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Алматы қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қазан 2005
  • 444
Фото - Caravan.kz



Сот отырыстары Алматы қалалық ауданаралық арнаулы әкімшілік сотында өтті.
Рұқсатсыз митинг өткізгені үшін Төлен Тоқтасынов пен Болат Әбілов 50 айлық есептік көрсеткіш, Гүлжан Ерғалиева 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ал рұқсатсыз өткізілген митингіге белсене қатысқаны үшін Ораз Жандосовқа 20, Әміржан Қосановқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жүктелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8-қазанда қоғамдық бірлестіктердің жекелеген жақтастары Қазақстан-Ұлыбритания техникалық университеті ғимаратының жанында рұқсатсыз митинг өткізген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта