Оппозиция жетекшілері Шымкенттегі жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасына шағым жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозиция жетекшілері Шымкенттегі жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасына шағым жолдады

Оппозиция жетекшілері Шымкенттегі жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасына шағым жолдады

"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының басшылығы құқық қорғау мекемелері тарапынан Шымкентте болған оқиғаның себеп-салдарын тексеруді өтініп, ҚР Бас прокуратуасы мен ҚР ІІМ-іне шағым жолдады. Бұл туралы бүгін, 3-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында оппозиция жетекшілерінің бірі Болат Әбілов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Мамыр 2005
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2- мамырда «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сәрсенбаев және Болат Әбіловтың қатысуымен өткізілген облыстық құрылтай конференциясын ереуілшілер өткізбей тастады. Күндізгі сағат 12-де конференция өтуге тиіс «Турист» қонақүйіне екі автобус келіп жеткен. Автобуспен келген жастар шабуылға көшіп, күзетшілерді жапырып ішке өткен. Ереуілшілер оппозиция мүшелеріне ыдыс-аяқ, жиҺаз, тас немесе таяқ сынды заттарды лақтыра бастаған. Соның салдарынан «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшілері оқиға орнынан қашып шығуға мәжбүр болады.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, ашуы қатты тобырдың шабуылы салдарынан қозғалыс жетекшілерімен бірге жүрген кейбір адамдар түрлі дәрежелі жарақат алып, кейбіреулеріне шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге тура келген.

Перейти к новостям спорта