Оппозициялық блок заңсыз жүзеге асырылған жекешелендіру шараларын әшкерелейтін комиссия құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оппозициялық блок заңсыз жүзеге асырылған жекешелендіру шараларын әшкерелейтін комиссия құрмақшы

Оппозициялық блок заңсыз жүзеге асырылған жекешелендіру шараларын әшкерелейтін комиссия құрмақшы

"Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысы заңсыз жүзеге асырылған жекешелендіру шараларын әшкерелейтін қоғамдық комиссия құрмақшы. Бұл туралы бүгін, 28-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қозғалыс төрағасы Жармахан Тұяқбай мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 543
Фото - Caravan.kz

Ж.Тұяқбайдың айтуынша, комиссияның іс-қызметі Қазақстандағы табиғи ресурстарды, табиғи монополияларды, ауылшаруашылық жер телімдерін, Елордасы Астанаға көшірілуге байланысты босап қалған мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен мүлік кешендерін пайдаланушы кәсіпорындарға қатысты болмақ. Комиссия аталмыш нысандарды жекешелендіру жөніндегі сауда келісімдерінің заңдылығына қатысты мәліметтерді жинамақшы. Мемлекеттік нысандарды жекешелендіру барысында жол берілген заң бұзушылық деректері жария етіледі, деді Ж.Тұяқбай.

Бірақ оппозициялық блоктағылар «шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты жекешелендіру қорытындысын қайта қарауға қарсы».
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы «стратегиялық маңызы бар меншік нысандарын одан әрі жекешелендіруге тыйым салуды талап етеді»,- деді Ж.Тұяқбай. Қозғалыс жетекшісінің пікірінше, оның қолында «қазір мемлекеттің билігіндегі кейбір нысандардың жекешелендірілетіні туралы» мәліметтер бар.

Перейти к новостям спорта