Оппозициялық «Республика» басылымы сот шешімімен жабылды
Сейсенбі күні Алматы қаласы Медеу ауданының соты прокуратураның оппозициялық «Республика» басылымын жабу туралы шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне басылым редакторы Татьяна Трубачева мәлім етті. Оның айтуынша, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. «15 күн ішінде бұл шешімге қарсы шағым жазуға құқымыз бар және біз сол құқымызды пайдаланбақпыз», - деп атап өтті Т.Трубачева. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін