"Оптом" тұсау кесемін деген депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оптом" тұсау кесемін деген депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды

"Оптом" тұсау кесемін деген депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды

Мәжіліс депутат Дәулет Мұқаев "оптом" тұсау кесемін деп сынға қалды.

  • 14 Сәуiр
  • 16
Massaget.kz

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев инста парақшасына “оптом” тұсау кесемін деп хабарландыру беріпті. Тіпті елу адам кезекке тұрып үлгерген. Енді келесі акция мамырдың ортасында болады деп оқырмандарына құлаққағыс қылыпты. Депутаттың деңгейін қараңыздар? Өзін қоғам қайраткері секілді сезініп жүр. Асанәлі Әшімов, Гена Головкин, Елдос Сметов сияқты танымал болса ше, шіркін?! Дәулетке тұсау кестіру дым да авторитет емес қой.

Мына бала тұсау кескені үшін гонорар сұраса да таңқалмаймын. Әлде әркімнің қалтасына қарай көсіліп жапқан шапанын, символический сыйлық деп ұсынған нан салғышын немесе ырымдап берген 5-10 теңгесін пайда ретінде көре ме? Депутат заң шығарады, елдің жайын ойлайды деп жүрсек, мынауың “тұсау кесем” деп атырауша айтқанда картопты жарды ғой. Өткенде іш-киімдерін қалай қаттайтынын көрсетіп “креативный”видео салып еді. Бір ісі-бір ісінен сорақы болып барады», — деп жазды журналист.