Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жекеме келіп түскен хаттардан байқағаным, шеруге шыққандар осы соңғы оқиғаға байланысты адвокат жалдап жатыр. Олардың құны аспандап кеткенін, қара халық ондай ақшаны тауып бере алмайтынын айтуда.
Опыты аздардың құны — 800 000 теңгеден басталады. Арба сүйреген, СТОдағы жұмысшылар мен күзетшілерде ондай ақша қайдан болсын?!
Міне, біздің қасіретіміз
Ақша жасағыштар, #Біріккенелміз деп ауыздарыңды толтырып айтпаңдаршы! Біріккен қазақ болсаңдар, ыңыршағы айналып жүргендерден ақша жасамаған болар едіңдер!
Ешкімі жоқ жетімдер болса, көздері мөлиіп изоляторда отыр. Олар амал жоқ, мемлекет ұсынған адвокатты алады.
Айтарға сөзім жоқ", — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.