Қуат "Найман" Хамитов (20-7-1) Фаниль Рафиковпен (19-4) жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Caravan.kz поратлы Vesti.kz-ға сілтеме жасап.
Алматыда өткен NFC 28 турнирінің басты жекпе-жегінде Рафиков жергілікті Серікбай Ходжабаевты (9-4) жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанған болатын. Кейін ол Хамитовке жекпе-жекке шақырған еді. Хамитов бұған Іnstagram желісінде жауап берді.
"Мені жекпе-жекке шақырғанын естігенде, ол жігіттің кездесуін көріп, қатты таңғалдым, ол сондай нокауттан кейін қалай тірі қалған! Тірі қалса, жекпе-жекті қаласа, ұйымдастырушыларға айтарым, бұл менің карьерамдағы ең жеңіл кездесу болады. Жеңілдік жасауға да дайынмын, онымен күреспеймін, тіпті оң қолыммен мүлде ұрмауға уәде беремін! Қысқасы бұл жекпе-жек мен үшін ештеңе емес, алайда, олар мені қызықтыра алса, онда неге өткізбеске", — деді Хамитов.