Оқ тиіп жараланған келіншек оқиғасы шетелдіктердің де назарын аударып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқ тиіп жараланған келіншек оқиғасы шетелдіктердің де назарын аударып отыр

Оқ тиіп жараланған келіншек оқиғасы шетелдіктердің де назарын аударып отыр

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланған 30 жастағы келіншектің оқиғасы шетелдік арналарды да бей-жай қалдырмай отыр. Оның айтуынша, бейберекеттен кейін екі аптаның ішінде әлемдегі жетекші арналар хабарласып, оқиғаның мән жайын сұраған. Балаларына дәрі алуға шыққан Шолпан Бегайдарова Алматыдағы қақтығыс кезінде қатты жараланаған еді. Күрделі отадан кейін үйіне шығарылған жалғызбасты ананың қазіргі жағдайын айтып берді.

  • 25 Қаңтар 2022
  • 7745
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Шолпан Бегайдарова сол күнгі болған оқиғаны қорқынышпен еске алады. 6 қаңтар күні үш баланың анасы қызының дене қызуы көтеріліп, дәріханаға бармақшы болған екен. Ойламаған жерден содырлар денесіне 3 жерден оқ атқанын айтады.

«Бірден жедел жәрдем шақырмақшы болып, ауруханаға хабарластым. Олар телефонын көтермеді. Сол уақытта Алматыда содырлар бүлік салып жатқан еді. Кейіннен есімді жоғалттым. Көзімді ашсам, ауруханада жатыр екенмін. Кімнің апарғанын да білмеймін», — дейді зардап шегуші Шолпан Бегайдарова.

Шолпан сол күні қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. Күрделі ота кезінде денесінен үш оқ алыныпты. Соның салдарынан бүйрегі мен басқа да органдарына қатты зақым келген. Дәрігерлер тоқ ішектің жарақаты, жамбас сүйегінің сынуы, ашық және травматикалық шок алды деген диагноз қойыпты.

Қатты жараланған қала тұрғынына шұғыл көмек көрсетіліп, дәрігерлер он екі мүшесін аман алып қалыпты.


«Ауруханадан шыққалы бері жағдайымды біліп, жан-жақтан хабарласып жатқандар көп. Алғысымды білдіремін. Тіпті шетелдік арналардың өзі байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын айтып беруімді сұрап жатты. Қиын сәтте аман қалғаныма шүкір», — дейді Шолпан Бегайдарова.  

Шолпан Бегайдарованың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жіберілген. Қазір денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз халде. Оның үстіне, отбасы жалдамалы пәтерде тұрады екен.