ОҚО әкімі: «Бұл не масқара? Не деген тәртіпсіздік? Бір шара қолдану керек!» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО әкімі: «Бұл не масқара? Не деген тәртіпсіздік? Бір шара қолдану керек!»

ОҚО әкімі: «Бұл не масқара? Не деген тәртіпсіздік? Бір шара қолдану керек!»

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып қайтты.

  • 23 Қараша 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

Аудан орталық кәріз жүйесіне қосылмағандықтан тұрғындардың әрқайысысы жеке-жеке дәретхана салуға мәжбүр болған. Облыс әкімі ондай дәретхананың 18 екенін байқады, деп хабарлайды Qamshy.kz

«Бұл не масқара? Не деген тәртіпсіздік? Мәдениеттілік пен тәрбие осындай ұсақ-түйек дүниелерден басталады! Бір шара қолдану керек!», — деді әкім.

Осылайша Түймебаев ауладағы құрылысты бұзып, бір модульдік дәретхана салуды тапсырды. Ал бос қалған аймаққа балалар алаңын салуға болатынын айтты.