«Қазақстанның тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде әйелдер өз күштерін жанұяны берік ұстауға, бала тәрбиесіне, еліміздің экономикалық және қоғамдық өміріне қатысуға жұмсаған қоғамның белсенді азаматы ретінде көрсетті», — деді әкім облыстың барлық аудандарынан шақырылған аналарды салтанатты қабылдауда.
Облыс әкімі аналарға құттықтау хаттар мен алтын білезіктер тарту етті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында 450 мың, олардың 100 мыңдайы көп балалы отбасы тұрады. Соның ішінде, он немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған 10 мың қаҺарман аналар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті